ШҰҒЫЛ!!! Атыраудағы карантиндік шараларға қатысты жаңа Қаулы шықты (толық мәтін)

122298578 176817704044296 3628517223408013835 n Жаңалықтар

«Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 наурыздағы №5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы, қаулысы шықты, деп хабарлайды atr.kz

                Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуін ескере отырып,  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 наурыздағы №5 «Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 6 тармаққа өзгерістер енгізілсін және мынадай редакцияда мазмұндалсын:

1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оффлайн оқытуға тыйым салынсын (тек қана онлайн форматта рұқсат етіледі);

2) жалпы білім беретін мектептерде мектепалды даярлық сыныптары оқушыларын, 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас форматта оффлайн оқытуға тыйым салынсын;

3) діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) толтырылуы 30% – дан аспайтын және бір келушіге кемінде  5 м2 қамтамасыз ете отырып, жұмыс күндері және сенбіде ғана жұмыс істеуге рұқсат етілсін, жексенбіде жұмыс жасауға тыйым салынсын. Көпшілік іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралғылар және т. б.) өткізуге тыйым салынсын;

4) сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер алдын ала жазылу бойынша жұмыс күндері және сенбіде сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, жексенбі күні жұмыс жасауға тыйым салумен, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 7 және 16-қосымшаларының талаптарын сақтаған кезде;

5) коронавирустық инфекцияның алдын алуға бағытталған эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтерді қоспағанда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80% -ын, оған қоса жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кемінде 50% – ын «қашықтықтан»  жұмыс нысанына ауыстыру, «қашықтықтан»  жұмыс нысанына бірінші кезекте                  50 жас және одан асқандарды, созылмалы аурулары бар тұлғаларды шығару; 

6) дәстүрлі форматтағы контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 15 адамға дейін оқыту;

– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқыту (сыныпта 15 адамнан асырмай, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және бетперде кию режимін сақтау);

7) туризм обьектілері және халықтың тұруы бойынша қызмет көрсетулер саласындағы мекемелер (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) толтырылуын  50% -дан асырмай, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы              25 желтоқсандағы №67 қаулысының 11 және 17-қосымшаларының талаптарын сақтаған кезде;

8) азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер, алкомаркеттер және басқаларының жұмысын (жеткізу қызметін көрсетуді қоспағанда) сағат 07.00-ден 23.00-ге дейін шектеу, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің  2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5-қосымшасының талаптарын сақтаған кезде, азық-түлік емес дүкендер сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін (толтырылуы бір келушіге кемінде 4 м2 есебімен, объект сыйымдылығының 30% асырмай).

2. 8 тармаққа өзгерістер енгізілсін және мынадай редакцияда мазмұндалсын:

1) қаладағы қоғамдық көлік қозғалысы жұмыс күндері және сенбіде штаттық кестеге сәйкес, жексенбі күні жұмыс жасауға тыйым салумен (қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік желіде максималды шығуымен, қоғамдық көліктің толтырылуы отырғызу орындары бойынша болуы тиіс, барлық есіктерін ашуымен, жолаушыларға қолжетімді жерлерге тері антисептигі құйылған санитайзерлер орнату, бетперде кимеген жолаушыларды кіргізбеу) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 15-қосымшасының талаптарын сақтаған кезде;

3. 6 тармақ толықтырылсын және мынадай редакцияда мазмұндалсын:

1) сенбі күні ауылшаруашылық ашық жәрмеңкелерін өткізу күшейтілген санитариялық-індетке қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін бекітумен, жексенбі күні жұмыс жасауға тыйым салумен;

4. Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары  Г.А.Ирбатыроваға жүктеймін.

5. Осы қаулы 2021 жылғы 17 сәуірде сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.

Атырау облысының

Бас мемлекеттік санитариялық  дәрігері                                              М.Танауов

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз