Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

ШҰҒЫЛ!!! Атырауда жаңа шектеулер жөнінде жалған ақпарат тарады

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті әлеуметтік желіде «Атырау облысында 2020 жылдың 28 қарашасынан бастап  жаңа шектеу шаралары күшіне енеді » деген ақпараттың жалған екенін хабарлайды.

Айта кетейік, Атырау облысының тұрғындар арасында коронавирустық инфекциясының таралуын азайту мақсатында Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің  2020 жылғы 20 қазандағы №69 қаулысына сәйкес облыс аумағында 2020 жылғы 16 қазан  сағат 00.00-ден бастап COVID-19 -дың эпидемиологиялық ахуалы тұрақталғанға дейін шектеу шаралары ұзартылған болатын. Алдағы уақытта  өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере  отырып, жеңілдету немесе шектеу шаралары қабылданатын болады.

«Құрметті тұрғындар! Сіздерден жалған хабарламаларды таратпауды және әлеуметтік желілердегі сенімсіз ақпараттарға сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздеріне сенім артуды сұраймыз. Әлемдегі және ҚР-дағы коронавирус инфекциясының таралу жағдайы туралы сенімді ақпараттарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР ДСМ Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау Комитетінің ресми сайттарынан, аталған ведомоствалардың әлеуметтік желілердегі арнайы парақшаларынан оқи аласыздар. Жалған  ақпаратты әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқан азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қылмыстық жауапкершілікке таратылатынын ескертеміз» деп мәлімдейді аталған департамент мамандары.

«Atr.kz»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button