«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі»

img 20220214 wa0170 Жаңалықтар

Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауымен ақпан айының 14-23 күндері аралығында республика көлемінде «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау.

Биылғы жылдың қаңтар айында облыс көлемінде балалардың қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 2 жасөспірім қаза тапса, 4 жасөспірім әртүрлі дене жарақатын алған.

Облыстық полиция департаменті облыс тұрғындарынан мектептен және балаларға арналған орталықтарға барып қайту кезінде балаларды үнемі қадағалап, көлікке отырғызған кезде арнайы ұстау құрылғысы бар орындыққа отырғызу керектігін ескертеді.

«Атырау облыстық полиция департаменті»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз