Атырау облысында 5 мыңнан астам түлек мектеп бітірді

609a2bdedd66c487814212 Жаңалықтар

Атырау облысында 5 778 түлек үшін мектепте соңғы қоңырау соғылды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл 197 мектепте 134 838 оқушы тәмамдады. Оның 5 778-і – мектеп бітіруші түлектер. Аймақта 288 оқушы «Алтын белгіге», 218 оқушы – «Үздік аттестатқа» үміткер.

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойы қарсаңында апаттық жағдайдағы мектептердің санын азайып,       1 мектептің құрылысы жүруде және осы жылы                  3 жаңа мектептің құрылысы басталмақ.

Жоспарланған білім беру объектілері 2022 жылы аяқталып, өңірдегі апаттық мектептер мәселесі толық шешіледі.

Білім беру сапасын арттыру үшін 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы әзірленді. Қазіргі уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз