Жарнама
Жаңалықтар

Зейнеткерлер БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағын қандай жағдайда алады

Әлеуметтік желілерде және басқа да көздерде таратылып жүрген зейнеткерлерге зейнетақы жинағының 50% алуға болатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бұл жөнінде Zakon.kz хабарлады.

БЖЗҚ мамандарының мәлімдеуінше, зейнеткерлер міндетті зейнетақы жарнасын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу мақсатында ғана ала алады. Бұл жағдайда бірқатар шарт орындалуы керек.

«Зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленген 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз етуі керек. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан алғашқы электрондық хабарламаны алған күні салымшының МЗЖ және МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс.»»БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметі

Осыған байланысты БЖЗҚ халықты әлеуметтік желілерде және басқа да көздерде таратылып жүрген, жинақтардың 50% алу мүмкіндігі туралы жалған хабарламаларды елемеуге шақырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button