ШҰҒЫЛ: Атырауда көктайғақ күтілуде
«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, 2021 жылғы 4 ақпан 20.00 сағаттан бастап 5 ақпан сағат 20.00-ге дейін Атырау облысының аумағында тұман, көктайғақ күтілуде.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
Тұман кезіндегі шақтық шаралары:
-ауа-райының өзгеруімен және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалапо тырыңыз;
жаяу жүргіншілер белгіленген жерден ғана өтуі қажет;
жүргізушілерге жолғашығуға тура келген жағдайда, тұман аумағында жылдамдықты бәсеңдетіңіз;
жолдағы көрініс 2 метрден аспайтын болса, қозғалысты тоқтатуыңыз қажет;
Көктайғақ кезіндегі сақтық шаралары:
жүргенде әр қадамыңызды нық басып, асықпай жүріңіз. Асыққан кезде қауіп күшейіп, адам тайып құлауы, сүрініп кетуі әбден мүмкін.
-қолыңызда зат болмағаны жақсы. Егде адамдар басында резеңкесі бар таяқ ұстағаны абзал.
-мұзда тайып құламау үшін әуелі биік өкшелі аяқ киім емес, мұндай күндері табаны жұмсақ, таймайтын аяқ киім кигеніңіз дұрыс.
-былғары мен пластик табан сырғанақ келеді. Аяқ киіміңіз тым тайғақ болса, оған поролон, пластырь, изолента жапсырып алуға болады немесе астын құммен ысқылау керек.
-егер аяғыңыз тайып кетсе, тізені бүгіп, жүрелей қалу қажет. Құлап бара жатқанда домалап, жерге жұмсақ түсуге тырысыңыз. Қолыңыздағы затты сақтаймын деп әуре болмаңыз.
-құлапқ алсаңыз тез тұруға асықпаңыз, ешқандай жарақаттың жоғына көз жеткізіңіз. Тұра алмай қалған немесе жарақаталған жағдайда айналаңыздан көмек сұраңыз.
-көктайғақ кезінде арқамен, шалқасынан құлау – өте қауіпті. Бұл мидың шайқалуына, бастың ауыр жарақаталуына әкеліп соғуы мүмкін.
-жарақаталған жағдайда дереу дәрігерге көрініңіз. Көктайғақ кезінде жүріп келе жатқан көлікке жақындамаңыз. Бұл өте маңызды.
-сонымен бірге аялдама, баспалдақ, табалдырық адамдардың ең көп құлайтын жері екенін ескеріңіз. Баспалдақпен жүргенде сүйенішті қолданыңыз, тек құм төселген жермен жүріңіз.
Көктайғақ кезінде егде жастағы тұрғындар көп жарақат алып жатады. Сондықтан олар тайғақ кезде сыртқа шығуды шектегені дұрыс. Үлкен кісілер басында резеңкесі бар таяқпен жүруі немесе айналасындағы адамдардың көмегіне жүгінуі қажет.
Жүргізушілер автокөліктің техникалық жағдайына, әсіресе, тежеуіш жүйесіне, дөңгелектердің жарамдығы мен оның маусымға сәйкестігіне назар аударуы керек. Жолға шықпас бұрын қозғалысты аз жылдамдық пен ақырын бастаңыз. Мектеп жанында, көпірде, көше қиылыстары мен бұрылыстарында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жылдамдықпен жүріңіз. Қозғалыс кезінде көліктер арасындағы қашықтықты әдеттегіден алысырақ ұстау қажет. Сырғып кетіп, өзіңіз және айналаңыздағылар зардап шекпеуі үшін күрт қозғалмаңыз. Сонымен қатар автокөлікпен алыс жолға шықпағаныңыз жөн.
«Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі»