Дүйсенбай Тұрғанов Индер ауданына барды

79186937 1 Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғановтың жұмыс сапары  Индер ауданында жалғасты.

          Онда депутат алдымен осы өңірдегі тұзды көл жағалауынан салынатын емдеу-сауықтыру кешенінің бастапқы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Одан соң аудан орталығы ­– Индербор кентіндегі апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді аралап көрді. Бұдан кейін Мәжіліс депутаты қоғамдық қабылдау өткізді. Оған қатысқан азаматтар жеке басына қатысты мәселелермен шектеліп қалмай, қоғам үшін, ел үшін маңызды жайттарға назар аударып, базыналарын білдірді.

          Аудандық мәслихаттың ғимаратында жалғасқан басқосуда халық қалаулысы «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы депутаттық тобының мүшелерімен, партияның бастауыш ұйымдарының жетекшілерімен және қоғам белсенділерімен дидарласты. Еліміздегі көшбасшы саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылуы мен алда тұрған міндеттерге көңіл бөлді.

          Соңынан Мәжілісмен Дүйсенбай Нұрбайұлы «Индер Темір жолы» ЖШС-нің жұмысшыларымен жүздесті. Президенттің бастамасымен қазіргі уақытта елімізде, қалаберді өңірімізде атқарылып жатқан ауқымды жобалар мен жасалынған жұмыстарға орайғы олардың ұсыныс-пікір, тілектерін тыңдады.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз