Жарнама
Жаңалықтар

ҰШҚЫР ОЙ МЕН БІЛІКТІЛІК БӘСЕКЕСІ

«Жас Отан» жастар қанаты Атырау қалалық ұйымының төрағасы, шешендік өнер мектебінің жетекшісі Нұрлан Азаматов командаларды «Брейн-ринг» ойынының ережесімен,  жүргізілу тәртібімен таныстырған соң, ойынның жасыл үстеліне облыстық табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу, ал, қызыл үстеліне облыстық денсаулық сақтау басқармаларының командалары жайғасып, біліктіліктерін сарапқа салды. Қызықты әрі логикалық ойлау жүйесі мен шапшаңдыққа құрылған ойында денсаулық сақшыларының командасы 5:1 есебімен басымдық танытты.

Бұдан соң мемлекеттік кірістер департаментінің жастарынан құрылған команда  төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін айқын басымдылықпен ұтты. Облыстың түрлі басқармалары өкілдерінен құрылған «Бірлік» командасының зияткерлері облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы командасына лайықты төтеп беріп, таразы басын өз пайдаларына шешті. Осылайша, командалар бір-бірімен өзара сынасып, тиісті ұпай қорларын молайта түсті. Ойынды жүргізушінің тарих, салт-дәстүр, өнер, әдебиет, мәдениет, спорт тақырыптары бойынша қойған сұрақтарына мемлекеттік қызметшілердің  берген жауаптары арнайы сарапшылар арқылы сараланды.

Ең көп ұпай жинап, ақтық сайыста тамаша өнер көрсеткен облыстық мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері командасының мерейі үстем болып, бас байрақты иеленді.

Бақытжан ЖҰМАТ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button