АТЫРАУДАҒЫ АУРУХАНАЛАР НАУҚАСТАРҒА ЛЫҚ ТОЛЫ (ВИДЕО)

№2 Атырау облыстық аурухана қызметкерлері стационар ішіндегі көріністі видеоға түсіріп, жағдайды осылай сипаттады.

Жазбада бөлмелердің науқастарға лық толы екенін көруге болады. Ал ақ халаттылар оларды емдеу үшін барын салып жүр. Мамандар видеоны өзгелер көріп сабақ алсын деген оймен түсіргендерін айтады.

Өңірде 3 443 науқас үй жағдайында, 1 307 науқас инфекциялық стационарларда ем алуда. Оның ішінде коронавирус инфекциясы анықталған 66 науқас реанимацияда жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз