Жарнама
Жаңалықтар

ШАТТЫҚ КЕРНЕП ЖҮРЕКТІ…

«Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы», Атырау музыка колледжінің хор ұжымы, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның жанынан құрылған «Дарын» ер балалар хоры, қала маңындағы селолардың мәдениет үйлерінен, саз мектептерінен жасақталған хор ұжымдары мүшелері, жалпы екі жүздей қатысушы Мемлекеттік Әнұранды орындады. Айта кетейік, бұл күні сағат 10.00-де қаладағы барлық мемлекеттік мекемелерде, білім беру ұйымдарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында да бір уақытта қызметкерлер қолдарын жүрек тұстарына қойып, Мемлекеттік Әнұранды шырқады.
Атаулы мерекеге орай алаңға жиналғандарды Атырау қаласының әкімі Серік Айдарбеков құттықтап, жылы лебізін арнады.
Осы күні алаңда рәміздер туралы өлеңдер оқылып, патриоттық әндер шырқалды. Сонымен қатар, жастар жағы қазақтың ұлттық билерінен флешмоб жасап, «Рәміздерім жасасын!», «Жасасын Қазақстан жастары!» секілді ұран сөздермен көк байрақты жоғары желбіретті.
Рәміздер күніне орай ұйымдастырылған шаралар легі кешкілік Жайық өзені жағалауында өткен «Жастар интерактивтік алаңы» атты іс-шарамен жалғасты. Онда еріктілер тобы Мемлекеттік рәміздер туралы ақпарат беріп, тұрғындарға викториналық сұрақтар қойды. Велоспортшылардың, скейтборд шеберлерінің өнерлері, қазіргі заманғы би үлгілері де көрсетілді. Қараңғы түсісімен жағалауда серуендеп жүрген халық интерактивті алаңда Ш.Аймановтың «Алдар көсе» фильмін тамашалады.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button