Қаламгер рухына тағзым

Ел а асы рухына та зым Жаңалықтар

Журналист, ақын, баспагер,  Мақат ауданының Құрметті азаматы, «Мұнайшы» апталық газетінің бас редакторы болған Қажымұқан Елеместегінің атындағы турнир аудан көлемінде биыл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылды.

%d0%b5%d0%bb-%d0%b0__%d0%b0%d1%81%d1%8b-%d1%80%d1%83%d1%85%d1%8b%d0%bd%d0%b0-%d1%82%d0%b0__%d0%b7%d1%8b%d0%bc

Аудан тарихында өзіндік орны қалған азаматтың өмірбаяны оқылып, тірлігінде елі үшін жасаған жақсылықтары, іскерлігімен қоғам дамуына қосқан үлесі туралы естеліктері айтылды. Жарысқа облысымыздың Қызылқоға, Исатай аудандарынан,  Мақат, Доссор кенттеріндегі мекеме,  ұжымдардан сегіз команда қатысып, бақ сынады. Аталмыш турнирге аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мұрындық болды.  Турнир нәтижесі бойынша командалық есепте басым түскен мақаттық «Бақтияр» аула командасы – І орын, «ТЭК Қазақстан» командасы – ІІ орын, «Қуандық» командасы – ІІІ орынды иеленді.

Барлық  жеңімпаз командалар ескерткіш медальдармен марапатталып, кубоктар мен дипломдар және арнайы сыйлықтарға ие болды.

Абай Ақмұрзиев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз