Атырауға шұғыл сапармен келген Премьер – министр орынбасары не айтты?

img 20200514 wa0238 COVID-19: Соңғы поштадан...

Теңіз кенішінен 17 мың адам шығарылды. Бұл туралы бүгін Атырау облысына жұмыс сапарымен келген Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов өткізген жиын барысында белгілі болды.

Атырау облысына Үкімет делегациясын бастаған Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен келіп, аймақтағы эпидемиологиялық ахуал, «Теңіз» кенішіндегі жұмысшыларды шығару мен Жұмыспен қамтамасыз ету жол картасын жүзеге асыру мәселелеріне қатысты жиын өткізді.

https://www.youtube.com/watch?v=2JPyXVSOzHk


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде коронавирустық ахуалдың қазіргі деңгейі 2-3 пайыз екенін атап өтті. Бұл көрсеткіш Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қабылданған нақты шаралардың нәтижесі.

img 20200513 wa0157 1


Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің сөзінше, аймақтағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақты емес. Қазіргі кезде өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 458 жағдай тіркелген. Олардың 127-сі емделіп шықты. Ал «Теңіз» кенішінің 384 жұмысшысынан аталған вирус анықталған. Бұл азаматтар 20 жатақханада тұратын 33 мекеменің қызметкерлері.

https://www.youtube.com/watch?v=B2CaZ4kbVRE

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, Теңіз кенішінде карантиндік талаптар жеткілікті деңгейде сақталмай отыр. Сондықтан, ол «Теңізшевройл» компаниясының мердігер және суб мердігер компаниялары басшыларының жауапкершілігін арттыруға шақырды.
Қазіргі кезде «Теңіз» кенішінен 17 мың адам өздерінің тұрғылықты мекенжайларына жеткізілген.


Жиын барысында «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасын өңірде жүзеге асыру барысы да қаралды. Үкімет биыл 1 миллион 220 мың адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Атырау облысында бұл бағдарлама шеңберінде 63 жоба жүзеге асырылып 7 мың жұмыс орны ашылады. Оған республикалық бюджеттен 35 млрд. 308 млн. теңге бөлініп отыр.


Жиынды қорытындылаған Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстауға және «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру мен жұмыспен қамтамасыз етуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

img 20200514 wa0235
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз