СарапTime: Балық шаруашылығының бағы жана ма?

paaprara СарапTime

Облыста 18 шаруашылық нысаны (оның ішінде, екеуі бекіре балығын өсіру зауыты) балық аулаумен және оның өнімін өңдеумен айналысады.

Жыл сайын бұл салаға 5 мыңға жуық адам жұмысқа тартылса, олардың 14 пайызы тұрақты, қалғаны маусым кезінде еңбек етеді. Су маржаны негізінен Жайық және Қиғаш өзендерінен, сондай-ақ, Каспий теңізінен ауланып отыр. Балық шаруашылығы – ел экономикасының маңызды бір саласы десек, оны тиімді дамытуда шешімін күткен мәселелер бар.

Жылдық меже – 6 пайызға артты

О б л ы с т ы қ б а л ы қ шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, былтыр «ЖайықКаспий» бассейні бойынша 11600 тонна балық ауланған. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 6 пайызға артық. Осы кезеңде «Электронды үкіметтің» вебпорталы арқылы табиғатты пайдаланушы субъектілерге 3140 рұқсат қағазы берілген.

– Ауланған балықтың 11000 тоннасы өңделіп, оның басым бөлігі экспортқа шығарылды. Атап айтқанда, Ресей Федерациясы, Ук р а и н а , Ә з е р б а й ж а н , Израиль елдеріне, сондай-ақ, Қазақстанның Ақтөбе, Ақтау, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Орал қалаларына жөнелтілді. Тұтастай алғанда, экспортталған балық өнімдерінің көлемі 19 пайызға көбейді, – деді басқарма басшысы.

Атыраулық балықшылар 2020 жылдың көктемгі және күзгі маусымында табысты еңбектеніп, бөлінген лимитті игеру бағытында тиянақты ж ұ м ы с ж а с а д ы . Е с е п т і мерзімде «Жайық-Атырау» және «Атырау» бекіре балығын өсіру зауыттарында ғылымитәжірибелік мақсатта 331 бағалы балық (оның 118-і аналық) ауланып, барлығы 7,762 млн.-нан астам бекіре балығының шабағы Жайық өзеніне жіберілді. Сонымен қатар, өткен жылы «Caspian Royal Fish» ЖШС алғаш рет 113,7 мыңға жуық бекіре тұқымдас балық шабағын табиғи өсіп-жетілу ортасына жөнелтті.

Балықтан да салық құралады

Б ұ ғ а н д е й і н к вот а н ы ң уақытылы бөлінбеуінен балық аулау маусымы кешіктіріліп, сәуір айында басталатын. Үкіметтің енгізген өзгерістеріне байланысты, өткен жылы көктемгі балық аулау маусымы бірінші рет ақпан айының 20-сында басталды. Бұдан былай квота жылына бір-ақ рет берілетін болды. Оның үстіне, бекітілген ережеге және Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемеге сәйкес, балық шаруашылығы субъектілері жыл сайын бюджетке қомақты сомада салық төлейді. Мәселен, 2018 жылы оның көлемі 180 млн. теңге болса, 2019-да 225 млн. теңгені құрады. Ал, былтыр бұл көрсеткіш 248 млн. теңгеге жеткен болатын.

С а л а л ы қ б а с қ а р м а басшысының түсіндіруінше, қ а з і р г і к е з д е б а л ы қ шаруашылығына қатысты тол ғ а қ т ы м ә с е л е н і ң б і р і – ауланған балықтың басым бөлігінің өңделген күйінде еліміздің өзге өңірлеріне, одан қалды шетел асып кетуі болып отыр. Мұның өзі жылда қайталанатын қалыпты жағдайға айналған. 2019 жылы Атыраудың су айдындарынан ауланған 13 мың тоннадан астам балықтың 12900 тоннасы өңделіп, соның 70 пайызға жуығы экспортталған болатын. Өткен жылы да бұл көрсеткіш 63 пайызға тұрақтаған. Әрине, мұның өзі өте көп. Бұл жағдай өз кезегінде өкілді билік өкілдерін бейжай қалдырмады. Сол себептен де, осынау өзекті проблема облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына ұсынылып, қызу талқыланды.

Н е л і кт е н э кс п о рт к ө л е м і соншалықты жоғары? Ішкі нарықтың жергілікті өңделген балық өнімдерімен қамтылуы қандай деңгейде? Қалыптасқан ахуалды оңалту үшін қандай ш а р а л а р қ ол ғ а а л ы н уд а ? Депутаттар осы және басқа с ау а л д а р т ө ң і р е г і н д е о й тарқатып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Мемлекеттік органның б а л ы қ ш а р у а ш ы л ы ғ ы құрылымдарының қызметіне т і к е л е й а р а л а с у ғ а қ ұ қ ы жоқтығы белгілі. Алайда облыс тұрғындарының балық өнімдерімен толық қамтылмай, сұраныстың тиісті деңгейінде қанағаттандырылмай отырғаны да жасырын емес. Осы тұста, тұтынушының өзіне керегін қалай, қайдан, кімнен сатып алса да құқылы екенін ескерсек, мұндай тұжырыммен үзілдікесілді келіспеуге де болар. Өйткені, ол нарық заңы, уақыт талабы.

Қорғау да, молайту да – міндет

Балықты аулап, өнімін өңдеп қоймай, оны қорғап, қорын молайту да маңызды. Осы орайда, алдағы уақытта балық шаруашылығын дамытудың ғылыми негізделген жоспар ы н д а й ы н д ау ; т ау а р л ы балық өсіруге маманданған кәсіпорындарды материалдық жағынан ынталандыру; оларға ғылыми-консультациялық және ақпараттық қолдау көрсету; ө ң д е л м е г е н ш и к і б а л ы қ өнімдеріне салынатын қосымша құн салығы мен тауардың өзіндік құнын төмендету; балықты аулау және өңдеумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекет тарапынан қолдау шараларын алу жөнінде ұсыныстар әзірлеу, т.б. шараларды жүзеге асыру жоспарланған.

Салалық басқарма басшысы Артур Сәдібекұлының баяндауынша, осы бағыттағы жұмыстар бұған дейін басталған. Мысалы, 2019 жылы Алматы қаласындағы балық шаруашылығы ғылымиөндірістік орталығының ғалыммамандары Жайық өзенінің и хт и о ф ау н а с ы н а ке ш е н д і ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Онда көзделген мақсат – өзендегі жануарлар дүниесіне антропогендік факторлардың тигізетін теріс әсерінің деңгейін төмендету болатын. Құны 77 млн. теңгеден асатын бұл жоба шеңберінде «Балық шаруашылығы ғылымиөндірістік орталығы» ЖШС-нің ғалымдары Жайықта тіршілік ететін «су маржандарының» ішкі патологиялық өзгерістерін, сонымен қатар осындағы ихтиофаунаға разитологиялық, вирусологиялық, гистологиялық, гематологиялық, гидробиологиялық ықпалын зерттеп-зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Былтыр «Казэкопроект» ЖШС мамандары жергілікті аквамәдениет пен биоалуантүрлілік жағдайын зерделеу нәтижелерін негізге ала отырып, ғылымизерттеу жұмыстарын жалғастырды. Сайып келгенде, осының бәрі Жайық-Каспий бассейнінде балық қорын молайтудың ғылыми негізделген шара-жоспарын жасақтауға мүмкіндік берді. Бұл мақсатқа да қазынадан 66 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініп, толықтай игерілді. Мұнымен мәселе толықтай шешілді деп айту қиын. Жоспарланған жұмыстар кезең-кезеңімен жалғаса бермек.

Өміршең жобаның өрісі кең

Осыдан бір жыл бұрын П р е м ь е р – м и н и с т р Ас қ а р Маминнің төрағалығымен Атырауда өткен Үкіметтің көшпелі мәжілісінде, оған қоса, тамыз айындағы отырысында облыс әкімдігіне балық шаруашылығы салас ы н д а м ы т уд ы ң ө ң і р л і к бағдарламасын жасақтауды міндеттегені мәлім. Бұл тапсырма ойдағыдай орындалды. Сөйтіп, қара балық түрлері мен бекіре тұқымдас балықтарды өсіруге бағытталған 12 жобаны іске асыру межеленген. Өңірлік бағдарламаға енгізілген бұл жобалар толықтай жүзеге асқан жағдайда, облыстың су айдындарында өткізілетін тауарлы балықтың көлемін 15 мың тоннаға, экспортқа шығарылатын балық өнімдерін 25 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Соған сай, «ЖайықКаспий» бассейнінен ауланатын балықтың көлемін 1,5 есеге дейін арттыру межеленді.

Биылдың өзінде облыста 8 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде. Бұлардың алтауы – тоған шаруашылығы болса, біреуі – тор қоршамада, тағы біреуі – тұйықталған құрылғыда б а л ы қ ө с і ру ге а р н а л ғ а н . Жағымды жаңалық, бұдан былай басқа салалардағы секілді балық шаруашылығы субъектілеріне берілетін субсидияның сомасы мен берілу тәртібі де қайта қаралып жатыр, – деді облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы.

Дәулетқали АРУЕВ

Коллажды жасаған: Дәурен МҰХАМБЕТАЛИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз