Шалқарбай шайыр, шап енді: Бүгін — «Асыл домбыраның» ақтық сыны

whatsapp image 2021 10 09 at 09.08.40 Жаңалықтар

Бүгін Алматы қаласында үлкен жоба «Асыл домбыра» айтысының ақтық сыны басталады.
Белгілі меценат Дулат Тастекеевтің жыл басында қолға алған бұл жобасына елдің әр өңірінен қатысқан айтыс ақындары 4 іріктеу кезеңінен өткен болатын.

Ал, бүгін-ертең мәресіне жететін дода асыл тастармен әшекейленген домбыра иесін анықтамақ.
Іріктелген шын мықты 18 шайырдың ішінде Атырау облысының намысын Шалқарбай Ізбасаров қорғайды. Айтыс Атырау уақытымен 13.00-де Алатау театрында басталады. Тартысты жыр додасын You Toube желісіндегі «Асыл тас» каналынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
Шалқарбайға шалқар шабыт тілейік.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз