Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары қатаң сақталуы тиіс

whatsapp image 2019 09 30 at 17.17.54 Жаңалықтар

Atr.kz/30 қыркүйек, 2019 жыл.  12 тамызда Атырау облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі болып Фарида Ахметова тағайындалған болатын, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Күнделікті қызметінде тұрғындардың түрлі талап-тілектеріне құлақ асып, мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілерге тиісті әдеп нормаларын сақтау – басты міндет. Мемлекеттік қызметшілердің басты ережесі саналатын Әдеп кодексі Қазақстан Республикасы  Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153  жарлығымен бекітілген. Осы Жарлық бойынша лауазымды тұлғалардың әдеп нормалары заң талаптарына  сай болуы жөн.  
Әдеп жөніндегі уәкілдің айтуынша, қызметке тағайындалғаннан бастап тұрғындардан   мемлекеттік орган басшыларының әдеп нормалары сақталмағандығы туралы 2 өтініш түскен. Оның біреуіне қызметтік тексеріс жүріп, шағымы  дәлелденбеген. Ал, 2-ші шағым бойынша қазіргі таңда тексеріс жұмыстары жүргізілуде.
–    Мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уақытта да Әдеп нормаларын сақтауы тиіс. Біздер мемлекеттік қызметшілердің Әдеп нормаларымен қатар,  құқығының тапталмауын да қадағалаймыз, – дейді Атырау облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Фарида Ахметова.Айта кетейік, егерде мемлекеттік қызметші  Әдеп нормаларын сақтамаған жағдайда әр мемлекеттік органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілге немесе Атырау облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі өкілетті уәкіліне жүгіне алады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз