Жарнама
Жаңалықтар

Шағынаудандар жаңбыр суынан тазартылуда

Атырауда жаңбыр суынан тазарту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі соңғы мәлімет бойынша жарты тәулік ішінде 11 700 текше метр су сорылғанын хабарлап отыр.

Мамандардың айтуынша, үш күн бойы толассыз жауған жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып түскен. Бүгінде облыс орталығында 60 вакуум техникасы жұмыс істеп тұр. 109 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласқан тұрғындардың өтініштері де кезең-кезеңімен орындалуда. 26-27 наурыз күндері атыраулықтардан 1300-ге тарта қоңырау келіп түскен.

Қазір Балауса, Мирас, Жұлдыз, Сарықамыс шағынаудандары мен ескі қала, ет комбинаты аумағы жаңбыр суынан тазартылуда. Оған 37 вакуум көлігі жұмылдырылған. Қалған көліктер 109-ға түскен қала тұрғындарының өтініші бойынша және көлік жүргізушілеріне қолайсыздық туғызып отырған қосалқы көшелерге жіберілуде.

Айбөпе САБЫРОВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button