Жарнама
Жаңалықтар

Серік Шәпкенов мемлекеттік қызметшілерді құттықтады

Құрметті облысымыздың мемлекеттік қызметшілері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері күнімен құттықтаймын!
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап көрсеткендей, «Әділ мемлекет құру үшін Сіздердің әрқайсыңыз шынайы патриотизмнің, кіршіксіз адалдықтың және ортақ іске жауапкершілікпен қараудың үлгісінкөрсетулеріңіз қажет».
Қоғамға мінсіз қызмет етудің негізі парасаттылық пен жауаптылық, тарихи қадамдарға ынталылыққағидаттарынан бастау алады.

Өңіріміздің өркендеп, одан әрі қарыштап дамуы, көп ретте, Сіздердің кәсіби біліктілігіңіз бен жанқиярлық ісіңізге байланысты болады.
Адал да мінсіз қызметтеріңізқашанда мемлекеттілікті нығайтудыңжәне азаматтарымыздың әл-ауқатымен өмір сапасын арттырудың маңызды да шешуші факторы болып қала береді.

Өңір тұрғындарымен күнбе-күн кездесіп, қоғам үшін маңызды шешімдер қабылдау арқылы түрлі кедергілердіжоюға, соның нәтижесінде облыстың және жалпы елдің қуатын еселеуге ерен еңбек етіп келесіздер.
Жасампаз Қазақстан халқына қызмет жасау жолында жарқын табыстарыңыз көп бола берсін!

Атырау облысының әкімі С.Шәпкенов

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button