Сенаторлар Атырауды аралап жүр… (+ФОТО)

img 20220324 wa0068 Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ғұмар Дүйсембаев пен Сағындық Лұқпанов Атырау облысына жұмыс сапары аясында бүгін Мақат ауданында кездесулер өткізіп, жергілікті халықтың мұң-мұқтажын тыңдады.

Атап айтқанда, Доссор кентінде апатты жағдайда тұрған Қ.Құдабаев көшесіндегі №21, 22 үйлердің тұрғындарымен кездесіп, мәселенің мән-жайымен танысты.

Кент әкімі Болат Ермековтің айтуынша, кентте 150-ден астам ескі және апатты жағдайдағы үй бар. Ең көне үй – Доссор поселкесі құрылған 1911 жылы жұмысшыларға арнап салынған үйлер.

Сенатор Ғұмар Дүйсембаев бұл мәселенің алдағы уақытта заңдылыққа сай шешілетінін жеткізді.

Ал, аудан орталығына арнайы барған сенаторлар Мақат аудандық орталық ауруханасының дәрігерлерімен кездесіп, маман тапшылығын жоюдың жолдарымен кеңесті. Дәрігерлер де толғақты мәселелерді ортаға салып, резидентура бітірген жас мамандардың ауданға келмейтінін, болашақта мақаттық мамандарға арнайы келісім-шартпен квота бөлінуге ықпал етуді сұрады.

Салтанат САНСЫЗБАЙ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Мақат ауданы

img 20220324 wa0056
img 20220324 wa0058
img 20220324 wa0057
img 20220324 wa0059
img 20220324 wa0060
img 20220324 wa0061
img 20220324 wa0062
img 20220324 wa0064
img 20220324 wa0066
img 20220324 wa0065
img 20220324 wa0069
img 20220324 wa0070
img 20220324 wa0071
img 20220324 wa0076
img 20220324 wa0072
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз