Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Сенат депутаттарының сайлауы: саяси додада кім жеңді?

Atr.kz/12 тамыз, 2020 жыл. Бүгін Қазақстан Республикасы Сенат депутаттарын сайлау өтті. Парламент Сенатының депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар — елдің барлық облысында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында мәслихаттардың депутаттары сайлады.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, Сенат депутатын сайлауда әр деңгейдегі 111 депутат дауыс береді деп жоспарланған. Бүгінгі сайлауда дауыс беруге мәслихаттардың 105 депутаты қатысты.

Аумақтық сайлау комиссиясының таратқан хабарына сәйкес Сағындық Лұқпановты жақтап 86 (82,69%) адам дауыс берген. Ал, үміткерлер Серік Смағұлов 11 (10,5%), Сағын Сейілханов 7 (6,73%) дауыс жинаған.

Қазақстанның өзге өңірлерінен таңдалған сенаторлар туралы ОСК ресми сайтынан көре аласыздар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button