ТАРИХТА ҚАЛҒАН ЕСІМДЕР

Әлем тарихында қанды әріптермен жазылған екінші дүниежүзілік соғысқа жаһан халқының сексен пайызы қатысты. Соғыс өрті қырық мемлекеттің жерін шарпыса, 110 миллион адам солдат шинелін киді. Ел басына күн туған осынау қиын-қыстау жылдары біздің жауынгерлеріміз бейбіт те, бақытты болашақ үшін күресті. Көпшілігінің есімі ерлік шежіресі ретінде бүгінгі күнге жетті. Кеңес Одағының Батыры атанған атыраулық Боран Нысанбаев, Александр Афанасьев, Мұса Баймұханов, Иван Березиндер майдан даласында ерлікпен қаза тапса, Қайырғали Смағұлов, Георгий Канцев, Жәнібек Елеуісов, Филипп Мазуров, Мұхат Мусаев, Иван Махориндер жауды жеңіп, аман-есен елге оралды.

Майдан даласында ерліктің ерен үлгісін көрсеткен Шүкір Еркінов, Евгений Полынин, Гаврилл Шамин, Ғизат Әліпов «Даңқ» орденінің толық иегері атанды. Кейін Халық Қаһарманы атанған Хиуаз Доспанова есімі ел тарихына алтын әріптермен енді. Батырлар ерлігін бүгінгі ұрпаққа дәріптеу мақсатында бірқатар деректерді жариялауды жөн көрдік.

smagКеңес Одағының Батыры Қайырғали СМАҒҰЛОВ.

Батыр әскери борышын Кавказда өтеп жүрген кезде тұтқиылдан соғыс өрті шығады. Бірден барлаушылар қатарына тағайындалған Смағұлов Ростовтағы Дон, Новороссийск, Орджоникидзе, Керч қалалары үшін болған ұрыстарға қатысып, жауынгерлік шеберліктің ерен үлгілерін көрсеткен.

Смағұловқа батыр атағы 1943 жылдың қыркүйегінде Новороссийск қаласын жаудан азат етуде көрсеткен ерлігі үшін берілді.

zhanКеңес Одағының Батыры Жәнібек Елеуісов өгей әкенің үйін тастап, Барнауыл әскери училищесінің мергендік курсының курсанты атанған уақытта жасы он сегізге де толмаған балаң жігіт еді. Курсты аяқтай салысымен жас жігіт Бірінші Украин майданының алтыншы гвардиялық дивизиясының 25-ші полкіне жіберіледі. Осылайша Ж.Елеуісов 1943 жылы Припять өңірінен Десна, Днепр өзендері бойында болған кескілескен ұрыстарда жауды тойтарады.

 

boranКеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаев үшін майдан 1943 жылдың ақпанында Орлов облысы, Лески деревнясы түбінде басталады. 137-ші атқыштар дивизиясының 771-ші атқыштар полкінің бірінші батальоны құрамында ұрысқа кіріскен Нысанбаев әскери тапсырмаларды бұлжытпай орындау шеберлігімен ерекшеленеді.

 

 

musa1944 жылы әскер қатарына шақырылған Кеңес Одағының Батыры Мұса Баймұханов әскери училищеге жолдама алып, оқуды аяқтаған соң Ленинград майданындағы 120-шы атқыштар дивизиясының 538-ші полкіне взвод командирі болып тағайындалады. Мұса Баймұханов барлық шайқастарда жауынгерлік ерлігімен көзге түседі. Мұса Баймұхановқа батыр атағы 1945 жылдың 10 сәуірінде берілді. Бірақ, батыр марапатын көзі тірісінде ала алмады. Өйткені, ол наурыздың 18-і күні ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты.

 

afanКеңес Одағының Батыры Александр Никифорович Афанасьев 1942 жылдың 5-мамырында әскер қатарына шақырылды. Жау отрядымен шайқастардың бірінде рота командирі көз жұмады. Сол кезде жағдайды дереу қолға алған Александр Афанасьев бөлімшеге жау бекіністеріне шабуыл жасауға бұйрық береді. Айқас кезінде ол гитлершілер траншеясына ротасымен бірінші болып жетіп, қарсыласқан жаудың көзін құртады. Аталған шайқаста Афанасьевтің пулеметшілері екі неміс пулеметшісінің, жаудың ұзын-саны елу жауынгері мен офицерінің көзін жояды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз