Жарнама
Жаңалықтар

Сарбаздар 1,875 млрд теңге кредитті төлеуге «демалыс» алды

Қазір елімізде мерзімдік әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға банктен алған қарызы мен шағын несиелік төлемдерін кейінге қалдыру тәжірибесі қолданылып келеді. Бұған Қорғаныс министрлігі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасындағы келісімнің нәтижесінде қол жеткізілді.

Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде 5 мыңнан астам сарбаздың жалпы сомасы 1 млрд 875 млн теңгені құрайтын несиесі кейінге қалдырылды.

«Қазіргі уақытта банктер мен микрокредиттік ұйымдарда 1,6 млрд теңге сомасына 5 мыңға жуық әскери қызметшінің өтініштері қаралып жатыр.

Қорғаныс ведомствосының бұл бастамасы заң жүзінде бекітуді және мүдделі ұйымдардың бірлескен техникалық шешімін талап етеді.

Қорғаныс министрлігі сарбаздар үшін әлеуметтік қолдау шараларын заң тұрғысында реттеу мақсатында «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» ҚР Заңына 50-1-бапты енгізуге бастамашы болды. Заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр.
Бұдан өзге, Қорғаныс министрлігі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне «Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының 34-бабына және «Микроқаржылық қызметі туралы» ҚР Заңының 7-бабының 2-тармағына толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстарын білдірді», — делінген министрлік хабарламасында.

Қорғаныс министрлігі, сондай-ақ әскери жиындарға шақырылатын заматтарға да осындай жеңілдіктер беруді ұсынып отыр.

«Несиені кейінге қалдыру әскери жиындағы бүкіл кезеңге беріледі деп күтілуде. Бұл ретте мәлімет алмасу мүдделі органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

Процестерді автоматтандыру үшін Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-мен бірлесіп проактивті форматта өзара іс-қимыл алгоритмін әзірледі.

Кредиттік демалыстарды автоматты (проактивті) түрде беру жөніндегі пилоттық жоба 2024 жылы іске қосылатын болады. Жыл соңына дейін запасқа шығарылған адамдардың несиелік демалысын тоқтату алгоритмі сияқты, мұнда да әскерге шақыру күнінің орнына әскери қызметтен босату күні беріледі», — деп толықтырды ведомстводан.

Kazinform.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button