Атыраудың 8 ауылына газ құбырлары жүргізілуде

20181030180912 Жаңалықтар

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік комммуникациялар қызметі.

Қазіргі таңда 2 қала және 135 елді мекен 88,4% газбен қамтылған. Табиғи газбен 18 ауыл қамтылмаған. Олар Ниетбай, Кетебай, Кеңөріс, Томан, Мыңтөбе, Ауқайран, Айбас, Жасқайрат, Қызыл үй, Қойсары, Қараша, Ескене, Былқылдақты, Қоңыраулы, Тасқұдық, Сарқұдық, Саркөл, Кенбай. Ал Қызылқоға ауданының 6 ауылына және Исатай ауданының 2 ауылына газ құбырының құрылысы жүргізілуде.

-Нәтижесінде 145 ауылдық елді мекен 93,5% газбен қамтылады. Сонымен қатар Атырау қаласының оң жағалау бөлігінде орналасқан елді мекендерді үздіксіз газбен қамту үшін газге қосылу қуаттылықтарын ұлғайту мақсатында «АГТС Финская-120» және «Редут–АГРС Финская-120» магистралды газ құбырын салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда,- деді Қ.Нұртаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз