Жылу жинап жатыр

20170102175531 Жаңалықтар

Қарағанды облысының Шахан кентінде орын алған қайғылы жағдай қазақстандықтарды бейжай қалдырмады.

20170102175531

Қазіргі таңда отандастарымыз зардап шегушілер үшін жылу жинап жатыр. Әлеуметтік желілерде кеңінен тараған ақпараттар, асарлатып жатқан қауымның арасында астаналықтармен бірге, депутаттардың да барын айтады.

Жағдайға байланысты әлеуметтік желілердің бірінде пост жариялап үлгерген белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әбенов үйсіз қалғандар үшін тамақ өнімдерінен бастап, ең қажетті тұрмыстық заттардың қабылданып жатқанын мәлім етті. Әртүрлі өлшемдегі қыстық киім-кешектермен бірге, жылы төсек жамылғыларына дейін бар. Ал, Парламент Мәжілісінің депутаттары бір күндік жалақыларын зардап шеккендерге аударды.

Айта кеткен жөн, жантүршігерлік жарылысқа, көп қабатты үйдің жертөледе орналасқан дербес жылу қазандығының қысымға шыдамай жарылуы себеп болды. Нәтижесінде тоғыз адам көз жұмды.

Баян Жанұзақова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз