Сақтық шаралары — басты назарда
Atr.kz/14 тамыз, 2020 жыл. Облыста 17 тамыздан бастап жұмысын жалғастыратын кәсіп иелерінің қатарында шаштараздар да бар.
Карантин талаптарының жеңілдетіліп, біздің жұмысқа рұқсат берілетініне ризамын. Сонымен қатар, өңірде эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғанымен, қауіптің сейілмегенін де жақсы түсінемін.
Сондықтан, жұмыс барысында барлық санитарлық талаптардың орындалуына баса мән беретін боламын. Клиенттерді алдын ала жазылу бойынша қабылдаймын.
Олардың бетперде тағуына, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтауын назардан тыс қалдырмаймын. Себебі, мұның барлығы қауіпті індетті алдын алудың маңызды талаптары болып табылады.
Қандай кезеңде де басты байлық — денсаулықты қорғау қажет. Олай болса, бүгінгі сақтық шараларына кім-кім де бейжай қарамауы тиіс.
Қатима ӨТКЕЛБАЕВА,
шаштараз