Атырауда газбен жүретін көліктерді жабық автотұраққа қоюға рұқсат етілмейді

whatsapp image 2019 12 27 at 16.41.33 1 Жаңалықтар

Atr.kz/27 желтоқсан, 2019 жыл. Өрт қауіпсіздігі қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 2019 жылғы 29 желтоқсаннан бастап күшіне енеді, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 


2020 жылдан бастап газбен жүретін көліктерді паркингке қоюға рұқсат берілмейтіндігі  жөнінде заң жобасы қабылданды. Бұл туралы ӨКҚ  өткен брифингте Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының басшысы Жасболат Бержанов мәлімдеді. 
– Сығымдалған табиғи газбен және сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін қозғалтқыштары бар автомобильдерді басқа мақсаттағы ғимараттарға кіріктірілген және оларға жапсарлас, сондай-а, жер деңгейінен төмен орналасқан жабық типтегі автотұрақтарға газбен жүретін көліктерді кіргізуге рұқсат етілмейді,- дейді Жасболат Бержанов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз