АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 10 және 18 баптарына сәйкес, Атырау қалалық мәслихатының сессия төрағасымен V шақырылған Атырау қалалық мәслихатының кезекті ХХХІV сессиясын шақыру туралы шешімі қабылданды.

 

Өтетін уақыты: 2015 жылдың маусым айының 19 күні сағат – 11:00 –де.

Өтетін орыны: Атырау қалалық әкімдігінің үлкен мәжіліс залы.

Атырау қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысы 2015 жылдың маусым айының  18 күні сағат – 11:00 – де Атырау қалалық әкімдігінің кіші мәжіліс залында өтеді.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

1. Атырау қалалық әкімдігі жанындағы ақсақалдар жөнiндегi консультативтік-кеңесінің қызметі туралы.

2. 2015-2017 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау туралы.

3. Әр түрлі мәселелер.

Атырау қалалық мәслихаты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз