САҒАТ 19:00 — АТЫРАУЛЫҚ САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ 73,8 ПАЙЫЗЫ ДАУЫС БЕРДІ

whatsapp image 2021 07 25 at 16.28.25 Жаңалықтар

Сағат 19.00-ге сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы ақпарат бойынша Қызылқоға ауданы көш бастап тұр, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, сағат 19.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін — тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 73,8 пайызы алды.

Олардың ішінде:

Атырау қаласында – 65,4 %
Жылыой ауданында – 79,7 %
Индер ауданында – 75,6 %
Исатай ауданында – 84,6 %
Құрманғазы ауданында – 71,1 %
Қызылқоға ауданында – 85 %
Махамбет ауданында – 80,4 %

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз