Тегін оқып, мамандық ал!

22667e65f25d19546acfae19adc8725e 1 Білім

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында атыраулық жастардың қосымша мамандықты меңгеруіне жағдай жасалмақ. 

22667e65f25d19546acfae19adc8725e

Ұсынылатын типтік мамандықтардың арасында дәнекерлеуші, аспаз, жүргізуші, шаштараз, ағаш өңдеуші, тігін-шілер, сондай-ақ, балық өндірісі, автомобиль жолын салу, теміржол салу, автоматтандыру және басқару, ақпараттық технологиялар, фермерлік шаруашылық, ветеринария, агрономия, жер қатынастары, құрылыс, сүт өнімдерін өндіру салалары бар. Тиісті құзырлы мемлекеттік органдардың ықпалымен облысқа ең қажетті мамандықтар әлі де нақтыланады.

Облыс бойынша 4,2 мың   адамға техникалық және кәсіптік білім тегін берілмек. Бұлардың 250-і республикалық бюджеттен, төрт мыңдайы жергілікті бюджеттен оқытылады. Бес жүз адамға  қысқа мерзімді  курстар ұйымдастырылады. Олардың ұзақтығы – 1 айдан 6 айға дейін. Білім алушылар күніне бір рет тегін тамақтанады, оқу ордасына барып-келу жолының ақшасы және шәкіртақы төленеді.

Бақытжан ХАМИТҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. шағдат жансейіт

    ассалау мағалаикум аспаздық үйрену жаилы ақпарат беретын органнң нөмерын бере аласіз ба ? қалай білуге болады ?