Сәбидің күлкісі – әлемнің сыңғыры
Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні. 1950 жылдан бері әлемнің көптеген елінде аталатын бұл күн балаларға қуаныш сыйлауға, құқығын қорғап, қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейді. Қоғамды кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын ерекше күн.
Иә, сәбидің күлкісі – әлемнің сыңғыры секілді. Ендеше оның кіршіксіз көңіліне қаяу түсірмеу, балалық шақты шаттыққа толтырып, әр күніне қуаныш сыйлау ересектердің басты міндеті болса керек.
Лагерьлер жұмыс жасайды
Облыстық білім беру басқармасы өкілдерінің баяндауынша, биыл жаз мезгілінде балалардың демалысын тиімді өткізу мақсатында мектеп жанынан лагерьлер ұйымдастырылады. Оның ішінде тамақтандыруымен – 166 (оның 10-і шипажай үлгісіндегі лагерь), тамақтандырусыз – 169. Сондай-ақ 402 –бейіндік, 163 дебаттық, 211 тілдік лагерь жұмыс жасайды. Мектеп жанындағы тамақпен қамтылатын жəне шипажай үлгісіндегі лагерьлерде 7-14 жас аралығындағы 12 мыңнан астам бала демалады. Тамақтандыру қарастырылған лагерь аз қамтылған отбасы балаларына арналса, басқасына барлық тілек білдірген оқушылар бара алады. Бейіндік лагерь математикалық-жаратылыстану бағытында, дебаттық – пікірталас, сөзжарыс, шешендік өнер, гуманитарлық бағытында өтсе, тілдік лагерьде шет тілдерін оқытуға басымдық беріледі. П а н д е м и я ғ а б а й л а н ы с т ы , Р е с е й д і ң Железноводск қаласындағы «Геолог Казахстана» лагеріне баруға əзірге рұқсат жоқ. – Атырау аумағындағы 3 лагерьде 2488 бала демалады деп жоспарлап отырмыз. Олар – Атыраудағы «Бесікті», Индердегі «Жас өркен», Махамбеттегі «Арай» балаларға арналған демалыс-сауықтыру орындары. Жазғы демалысты ұйымдастыру жұмыстары Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дəрігердің қаулысы негізінде жүзеге асады. Қала сыртындағы лагерьлерге жолдама бөлу кезінде балалар жергілікті емханалардан тегін ПТР тексерісінен өтетін болады. Қазір сауықтыру ұйымдарының жұмысы 50%-дан артық емес толтырумен ұйымдастырылуда, — деді басқарма басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова.
Оның айтуынша, былтыр «Атырау — Жаз — 2020» инстаграм парақшасында қашықтан ұйымдастырылған лагерь қызметі биыл да жалғасады. Баланы дамытумен қатар оның қауіпсіздігіне де айрықша маңыз беріледі. Лагерьдің жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін балаларды ата-аналардың қолына аман-есен тапсыру үлкен жауапкершілік екені белгілі. Сондықтан судан, өрттен сақтандыру, басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілген.
Республикалық акция
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шаралар онлайн режимінде өтеді. Соның бірі – республикалық «Бақытты бала – бақытты ел» акциясы. Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Бердібек Таишевтің айтуынша, іс-шараның мақсаты – елімізде балалардың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық жəне үкіметтік емес ұйымдардың, бизнестоптардың күш-жігерін біріктіру, əр баланың құқығын насихаттау жəне қорғау болып табылады. Аталған акция 20 мамырдан 20 маусымға дейін созылады. Оған мектепке дейінгі жəне мектеп жасындағы балалар, оқушы жəне студент жастар қатысады. Бұл акция блоктарға бөлініп, олардың əрқайсысы тақырыптық ісшаралар өткізуді қамтиды. Мəселен, бірінші блок атауы «Отбасында өмір сүру бақыты» деп аталады.
Мұнда баланың отбасында өмір сүру құқығын іске асыру, отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды сақтау жəне дамыту тəсілі ретінде отбасы мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіру жайы қамтылады. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» деп аталатын екінші блок бойынша, оқушыны мамандықты негізгі жəне өз бетінше таңдауға дайындау, жұмысшы кəсіптерінің беделін арттыру, техникалық мамандықтарды танымал ету мəселесі қарастырылған. «Құқықтық күзет», «Балалар бастауы», «Таңғажайып əлем», «Мейірімділік – балаларға», «Спорт əлемінде», «Бала қауіпсіздігі» атты басқа да блоктар бар, — деді департамент басшысының орынбасары.
Қауіпсіздік каналы
Əрбір жыл мезгілі өз қызығымен қатар қауіпке де толы. Əсіресе жаз айларында адамдар табиғат аясына демалысқа, серуенге, суға шомылуға саяхаттайды. Алайда осы бір қызықты да қауіпті демалыс аясынд а адамдар көп жағдайда қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтай бермейді. Статистикаға сүйенсек, өткен жылдың ағымдағы кезеңінде өрт салдарынан 1 жасөспірім жарақат алған. Ал биыл есепті мерзімде көмірқышқыл газына 4 бала уланған. 2020 жылдың өткен кезеңінде 6 бала суға кетсе, 2021 жылғы мəлімет бойынша олардың саны – 2 (1-і қаза тапқан). Сондықтан аталған акция аясында өтетін «Бала қауіпсіздігі» тақырыбының мəні зор болмақ.
– Ата-анасының, тəрбиешінің ескертуін ұмытпай, ереже талабын орындаған бала түрлі сəтсіздіктен аулақ жүреді. Балаларды қауіпті жағдайлардан қорғау – ересектердің басты міндеті. Олардың өміріне немқұрайлы қарауға болмайды, — деді Бердібек Еркінбекұлы.
Департаменттің құзырына балалардың құқықтарын қорғау функциясы енгізілген. Балалардың құқықтары бұзылған, зорлықзомбылық көрген жағдайда Таишев Бердібек Еркінбекұлының 8702 352 74 00 ұялы телефон нөміріне немесе 27-60-12 сенім телефонына, сондай-ақ департамент сайты арқылы жедел хабарлауға болатынын қаперге береміз. Сонымен қатар тəулік бойына Білім жəне ғылым министрілігінің балалардың қорғау комитеті құрған «Бала қорғау» телеграм-чат каналы жұмыс істейді. Аталған чат арқылы бала құқығы бағытында қордаланған мəселелер немесе ұсыныстар болса жазып пікір қалдыруға, сұрақ жолдауға болады.
ТҮЙІН: «Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры» деген жақсы сөз бар қазақта. Халқымыз бауыр еті – баласын көзінің қарашығындай қорғаған. «Оның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» деп баласына еш жамандық жуытпай, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Ұрпағын көкке көтеріп, оның тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Бала – ұрпақ жалғасы, елдің ертеңі. Сондықтан қауіпсіз, толыққанды азамат болып ер жетуіне бәріміз мүдделі болуға тиістіміз. Ал баланың бәрі бақытты болуға лайықты…
Мəлике ҚУАНЫШЕВА