ЕЛБАСЫНАН – АЛҒЫС ХАТ

2015 жылғы 26 сәуірде өткен кезектен тыс Президент сайлауында барша қазақстандықтардың жоғары белсенділік танытып, асқан ұйымшылдық пен ауызбірліктің үлгісін көрсеткендіктері белгілі. Осыған орай Мемлекет басшысы ел өміріндегі осынау аса маңызды саяси науқанның өз деңгейінде ұйымдастырылып, өткізілуіне атсалысып, өзіндік үлестерін қосқан азаматтарға шексіз ризашылығын білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады. Өткен дүйсенбіде облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов осындай марапатқа ие болған атыраулықтардың бір тобына оны салтанатты жағдайда табыстады.

 

Елбасының Алғыс хаттарын аймақ басшысы Бақтықожа Салахатдинұлы облыстық мәслихаттың хатшысы Сағындық Лұқпановқа, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бектеміровке, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры Қайрат Оразбаевқа, қазіргі заманғы Каспий маңы колледжінің директоры, Атырау қалалық мәслихатының депутаты Бақтыгүл Хаменоваға және басқаларына тапсырды. Оларды жоғары марапаттарымен құттықтап, елдің игілігі жолындағы қызметтеріне табыс пен сәттілік тіледі. Марапатталушылар арасынан сөз кезегін еншілеген облыстық мәслихаттың хатшысы Сағындық Есенғалиұлы депутаттар корпусының және барша атыраулықтардың атынан Мемлекет басшысы тарапынан көрсетілген сенім мен құрметке рахметін айтып, жылы лебізін жолдады.

Өз тілшіміз.

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз