Көліктің есігін бұзып, 12 мың теңгені ұрлап әкеткен күдікті іздестірілуде

1 8 Жаңалықтар

Атырауда көліктің есігін бұзып, 12 мың теңгені ұрлап әкеткен күдікті іздестірілуде. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

1

Ұрлық әрекет 31 желтоқсан күні, сағат 20:29 шамасында тіркелген. 1982 жылы туған Жылыой ауданының тұрғыны №2 қалалық полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреу Атырау қаласындағы Баймұханов көшесінде тұрған көлігінің есігін бұзып, ішінен 12 мың теңге және ұялы телефонын ұрлап кеткенін мәлімдеген. Жалпы, жәбірленушіге келген залал көлемі 149 мың теңгені құрап отыр.

Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер 3 саусақ ізін тауып, күдіктінің жеке басын анықтаған. Бүгінде ұрлық жасаған күдіктіні ұстау шаралары жүргізілуде.

Айқара Ғұмар

Фото time.kz сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз