«Біз арманды шындыққа айналдырамыз»

конституциялық реформа Жаңалықтар

«Нұр Отан» партиясы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіндегі «Бірлік» бастауыш партия ұйымы Елбасының билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін қызу талқылады.

конституциялық реформа

– Қоғам дамуының әртүрлі салаларында күрделі өзгерістер  жүріп отыруы заңды. Жаңаша реформалау қоғамның тек экономикалық,  саяси-әлеуметтік, рухани өмірінде ғана емес, сонымен  қатар, бүкіл мемлекеттің құрылымы, басқару саласы түгелдей өзгерістерге ұшырайды. Жүйе жетілген,  реттелген, әр элементтері өз  функциясын дұрыс атқаратын ел ғана ойдағыдай өркендей алады.   Елбасының Үндеуі осы тұрғыда аса өзекті бағыттарды қозғады. Елімізді ілгері бастыра беру үшін бес институционалдық реформа арқылы демократияландырудың өзектілігін жеткізді. Демократия – халықтың өз еңбегін, өзі төккен терін, ата-баба мұрасын өз игілігіне пайдалану жолы. Сондықтан, Үндеу – Үкімет пен Парламенттің рөлін күшейту бағытында жасалған нақты қадам, – деді университет ректоры Абзал Тәлтенов.

Басқосу барысында жастар да Үндеуге қатысты өз ойларын ортаға салды. Оқу ордасының «Бірлік» бастауыш партия ұйымының мүшесі, жастар саясаты департаментінің директоры Бибінұр Қорған Үндеуге қатысты ойын былайша жеткізді.

– Жастар саясаты тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттерін орындау – бүгінгі күннің басты талабы. Елбасы Үндеуі  жастар үшін маңызды, нақты қадам болып есептеледі. Біз Елбасының «Өмірден арман жаса, арманды шындыққа айналдыр» деген қағидасын берік ұстанамыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Үндеуінде нақтылап берген бағыттарын іске асыру жолында  оның сенімді тірегі боламыз, – деді ол.

Сонымен қатар, университет ғалымдары Бекет Кенжеғұлов, Жанна Шаяхметова,  Аққали Ахмет,  Әділбек Тұрдалиев, Қылышбай Сүндетұлы өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Айгүл ЕРТІЛЕУ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз