Жарнама
Жаңалықтар

Республика күнінде Атырауда көк Ту желбіреді

25 қазан – Республика күніне орай Атырау қаласында мемлекеттік Туды ресми көтеру рәсімі өтті. Тутұғыр алаңында ұйымдастырылған патриоттық іс-шараға зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, жігерлі де жалынды жастар қатысты. Әуелі мемлекеттік Гимншырқалып, отаншылдық бағыттағы әндерге ұласты. 

Салтанатты шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Серік Шәпкенов жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтап, көк Тудың мәртебесін көтеретін бұл бастаманың маңыздылығын атап айтты.  

0fe52ba9 80d7 400d 8518 d2b02827c672

–Баршаңызды бүгінгі Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты. Сол сәттен бастап еліміз егемендігін алып, өзінің Конституциясын қабылдады. Азаматтарына азаматтығын берді. Дербес сыртқы саясатын жүргізе отырып, еліміздің басты нысандары мемлекеттік рәміздерін бекітті. Соның бірі – біздің көк Туымыз. Міне, бүгін ерекше ұлттық мереке күнінде көк байрағымызды жоғарыға көтереміз. Бұл іс-шараның  басты мақсаты – жастарды бірлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу. «Елім, жерім» дейтіндей намысын қайрау. Міне бүгінде біз осындай мереке күні өзіміздің көк Туымызды желбіретіп, көкке көтеріп отырмыз. 

«Көк тудың желбірегені, жаныма қуат береді,

Таласқа түссе жан мен Ту,

Жан емес маған керегі,

Көк Тудың желбірегені…» демекші, көк байрағымыз қашан да желбірей берсін! Көк Тудың астында бірлігіміз артып, жаңа әділетті Қазақстанды құрайық! Әрқашан да еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, — деді Серік Жамбылұлы. 

b5f220e8 78f6 4cc2 8e0c c380f53e38b3

Атырау төріндегі Тутұғыр алаңы Қазақстандағы еңсесі биік мемлекеттік рәміздер нысанының бірі болып табылады. Алаңның төрінде мемлекеттік Әнұранның мәтіні жазылып, Елтаңба орнатылған. Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан қасиетті Ұлы даланың қоладан жасалған картасы бейнеленген.

0d375644 42e5 4674 b88d 425999dfce74 1


88c5c269 3834 489e a053 cb59ff316244 1

Мерекелік шарада көлемі 30/15 өлшемдегі көк Ту биіктігі 91 метрлік тұғырдың бойымен жоғарыға көтеріліп, көкте асқақ желбіреді. Жергілікті өнерпаздаррухты оятатын әндерді шырқап, айтулы күннің ажарын айшықтай түсті. Осылайша, атыраулықтар елкөлемінде аталып өтіліп жатқан маңызы зор патриоттық іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырды. 

7d85dfb6 268a 4f21 b64e 39112031a26a

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button