Желі қолданушылары өрт кезінде көз жұмған балалардың ата-анасына қолдау көрсетуге шақыруда (+ВИДЕО)

9157958 Жаңалықтар

Астанада болған өрттен бір үйдің бес бірдей сәбиінің көз жұмғаны белгілі. Қоғамды дүр сілкіндірген оқиғаға байланысты, әлеуметтік желі қолданушылары  балалардың ата-анасына қаржылай қолдау көрсетуді сұрап отыр.

Атыраулықтар аталмыш бастамаға Атырау еріктілерінің жетекшісі Болатбек Қоңырбаевқа хабарласу арқылы, үн қоса алады.

Инстаграмм: @bolat_konyrbayev

@bolat_konyrbayev

@bolat_konyrbayev

Инстаграмм: @atr.kz.atr.kz

@atr.kz.atr.kz

87017271070 Болатбек Қоңырбаев

Каспий голд: 5169 4931 5217 1321 Ситер Жанымкул Амангелдиевна

https://www.youtube.com/watch?v=VRj-Uwo26hI&feature=youtu.be

Қайда жүр деп ата-анамды сөкпеңіз,

Қар үстінде тамақ іздеп кеткен із.

Жер бетінен жайлы орын таба алмай,

Түн ортасы ұшып кеттік көкке біз!

Енді біздер мектеп, бақша бармаймыз,

Енді дәптер, сөмке сатып алмаймыз,

Енді бізге берсеңдер де хан сарай,

Ішін шашып, ойнап, асыр салмаймыз!

Уақыт боп, айырылдық жас жаннан,

Өміріміз тар бөлмеде басталған.

Барлық бала бақытты өмір сүрсінші,

Біз оларды бақылаймыз, аспаннан!

Қастарыңда болсын дайым анаңыз,

Әкетайың болсын дайым панаңыз,

Бұл өмірден пәтер көрмей кетсек те,

Ұжымақта зәулім сарай саламыз!

Енді аяздан ешбір сәби тоңбасын,

Жауқазын гүл ашпай жатып солмасын,

Ұрпағыңның жарық болып маңдайы,

Отанымда еш жамандық болмасын!!!

Авторы:

Кеңшілік Тышқанұлы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз