Президенттік жастар кадр резерві көшбасшылық қырды дамытуға мүмкіндік береді

snimok 1 Жаңалықтар

  Atr.kz/14 қаңтар, 2020 жыл.     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды бағдарламасында Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру мәселесі көтерілген болатын.


Жастар жылы аясында ұйымдастырылған Президенттік жастар кадр резервінің еліміздің кемел болашағы үшін рөлі зор.

Президенттік жастар кадрлық резерві – талантты жастарға арналған тиімді әлеуметтік лифт. Білімді, дарынды жастарға берілген мүмкіндік. Расында, үлкен сыннан сүрінбей, өз қабілетін дәлелдеген 300 жастың ел дамуына үлес қосатын мықты кадр болып, өздерінің жақсы қырын көрсетіп қалтқысыз қызмет етуін күтеміз.

Өйткені, «Президенттік жастар кадрлық резервіне» қабылданған жастарға мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық лауазымға тұруға бірегей мүмкіндік ашылады деп көзделуде. Жоғары лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған тұлғалардың кандидатуралары қаралатын болады.

img 20200114 wa0008

       Соңғы статистикаға сүйенсек, бүгінгі таңда еліміздегі халық санының 4 миллионға жуығы жастар. Әрине, бұл қуанарлық көрсеткіш,сондықтан жастардың тың ойларын, жалынды жігерін Қазақстанның дамуына пайдалану маңызды. Жастар кадр резерві басталғаннан, яғни 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Атырау облысы бойынша ақпараттандыру және жастарға насихаттау жұмыстарын толық қамту мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атырау облысының 7 ауданындағы және облыстық газеттер мен сайттарында, облыстық телеарналар арқылы жұртшылыққа Президенттік кадр резерві туралы ақпараттар жарияланды. Департамент қызметкерлері арнайы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып, кездесулер мен жиындар ұйымдастырды. Мақсат – халықты уақытылы хабардар етіп, кадр резерві туралы ақпаратты қолжетімді ету болды. 

Нәтижесінде Президенттік кадр резервінің алғашқы кезеңінен Атырау облысы бойынша 100-ден астам жас өтті. Ал маңызды тестілеу кезеңінен 11 резервші сүрінбей өтті. Ақтық сынның қорытындысы бойынша Ұлттық комиссияның шешімімен кадр резервіне енген 300 жастың 5-і Атырау облысының жастары болды.

        Президенттік жастар кадр резервінің екі тиімді тұсы: алдымен жастардың биліктен көрініп, тың идеяларды жүзеге асыруда көшбасшылық танытуға мүмкіндік болса, екіншісі еліміздің кадрлық саясатын жақсартуға серпін бермек. Бастысы, қадам жасалды, 300 резервші белгілі. Ендігі кезекте, Президенттік кадр резерві жастарының қызметін бағалап, оң нәтижесін көреміз деген сенімдемін.  

    Руслан ТҰҢҒЫШБАЕВ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының міндетін атқарушы

http://atr.kz/bez-rubriki/bilik-%D2%9Bo%D2%93amny%D2%A3-s%D2%B1ranysyna-sh%D2%B1%D2%93yl-zhauap-beredi-m%D3%99ulen-%D3%99shimbaev/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз