Ресейдегі газ құбырындағы апат Атырауға қалай әсер еткені анықталды

2021022417333983917 photo 352980 Жаңалықтар

Күні кеше Ресей Федерациясының аумағындағы «Союз» магистральдық газ құбырындағы авариялық жағдайға және ресейлік газ транзитінің тоқтатылуына байланысты, Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ газ көлемінің толық жеткізілмегенін өтеу және Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының тұтынушыларын тұрақты газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдады.

Бұл үшін «Құлсары», «Мақат», «Жаңақала» компрессорлық станцияларында жедел ауыстырып қосу жүргізілді, бұл газ ағындарын «Орта Азия – Орталық» магистралінен «Союз» және «Орынбор-Новопсков» газ құбырларына қайта бағыттауға мүмкіндік берді.

1614166507 snimok

«ҚазТрансГаз» АҚ жұмыскерлері тез қабылдаған шаралар Батыс Қазақстан облысында 28 газ тарату станциясының, 2 газ турбиналы электр станциясының және 1 жылу энергетикалық станциясының, Атырау облысында 21 газ тарату станциясының, 1 жылу электр станциясының және 1 газ турбиналы электр станциясының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осылайша, еліміздің жоғарыда аталған облыстарында тұтынушылардың барлық санаттары үшін тауарлық газды үздіксіз беру қамтамасыз етілді.

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбыры арқылы газ тасымалдаудың тұрақты режимін сақтау және Қазақстанның басқа өңірлерін үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін Ұлттық газ операторы «Бозой» жерасты газ қоймасынан газ іріктеуді ұлғайтты. Бұдан басқа, «Бұхара-Орал» газ магистралінің компрессорлық станцияларында қосымша 5 газ айдау агрегаттары іске қосылды.

«ҚазТрансГаз» АҚ-тың пайдалану бригадаларының жедел жұмысының арқасында Қазақстанның батыс өңірінде тауарлық газды жеткізу бойынша ешқандай шектеулер болған жоқ, газ тасымалдау жүйесінің барлық объектілері, сондай-ақ жылу және энергиямен жабдықтау объектілері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

«Закон.кз»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз