Құрбан айтта Роллан Шәкиев «Түйе палуан» атанып, қой жеңіп алды (ФОТО)
Бүгін Атыраудағы «Иманғали» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Құрбан айт мейрамының құрметіне арналған спорттық шаралар болып өтті. Боз кілемдегі қазақша күрес түрінен өткен түйе палуандар бәсекесі өте тартысты болды.
Оған 50-ге жуық адам қатысып, өз бақтарын сынап көрді. Екі сағатқа созылған тартысты бәсекенің финалында Роллан Шәкиев өзінің қарсыласы Дулат Багеновты бір-бір жамбас ұпайымен тең түсіп тұрған жерінен, қосымша берілген уақытта таза жамбас әдісімен жеңіп, «Түйе палуан» атанды. Ролланнан жеңілген Дулат екінші, ал, Кенжебек Күзембаев үшінші орынға тұрақтады.
Боз кілемдегі бәсекеде суырылып алға шыққан 3 жеңімпазға да орталық «Иманғали» мешітінің атынан бір-бір қойдан сыйға тартылды.
Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ
Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.