«Атырау көпірі» қалай салынды?

Erke Esil4 Шаһар шырайы

Желіде Астананың орталығындағы жаяу жүргіншілер көпірі құрылысының видеосы жарияланды.

Ерке Есил4

Роликті BI Group компаниясы Facebook парақшасына салды.

Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған жаяу жүргіншілер көпірі – Атырау облысының сыйы. Видео құрылыстың ең алғашқы кезеңі 2018 жылдың ақпан айынан басталған. Нысан 6 айдың ішінде салынып, «Атырау көпірі» деген атау қойылды.

Көпір Самал шағын ауданын Орталық саябақ және Амфитеатрмен қосты. Онда алты метрлік жаяу жүргіншілер жолағы, үш метрлік веложол және жарты метрлік қауіпсіздік жолы бар.

«Көпірді ресми түрде ашуға 4 күн қалғанда елордада жаңбыр толассыз жауды. Құрылысшылар веложолдың төсенішін аяқтау үшін көпірді үстінен 6000 метрлік полиэтилен пленкамен жауап тастады», – деп жазылған роликтің астында.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз