Сыйлыққа – кітап

2019 06 11 d1df3733cc1d10aba67aa09fae07c864 xl 1 Жаңалықтар

Атырау қалалық білім бөлімінің үш тілде оқытатын №30 мектеп-гимназиясының ғимаратында орналасқан №15 сайлау учаскесі бойынша 1648 сайлаушы тіркелген.

«Дауыс беру барысын партиялар мен қоғамдық ұйымдардың бес өкілі бақылап отыр» деген учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Нұргүл Макарова азаматтардың белсенділігін және отбасыларымен бірге келіп жатқанын атап өтті.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы мәлім еткендей, алғашқылардың қатарында 74 жастағы Мырзабай Дүйсенов пен осы оқу орнын бітірген 18 жастағы Марат Мәліков та бар. Оларға естелік ретінде кітап сыйлыққа беріліпті.

Ішкі істер органдарының ардагері Жұмажан Ермұханов ел президенттігіне кандидатқа дауыс беру маңызды деп есептейді.

– Біз болашақты таңдаймыз. Сондықтан, мен де қалыс қалмадым, дауыс бердім. Осылайша, маңызды оқиғаға қатысқанымды сезіндім, – дейді ол.

«Партиялық емес байқау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау филиалының байқаушысы Гүлжайнат Ерболатованың айтуынша, дауыс беру заңға сәйкес, заң бұзушылықсыз өтуде. «Сайлаушылардың дауыс беруі үшін қолайлы жағдайлардың бәрі қарастырылған. Менің ойымша, сайлау ашық әрі әділ өтуде» деді Г.Ерболатова.

Айта кетейік, түске дейін бұл учаскеге келген сайлаушылар саны 400-ден асты.
Светлана НОВАК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз