Рамазан: пітір садақаны онлайн режимде беруге болады (+ОРАЗА КЕСТЕСІ, +ВИДЕО)

1 13 Жаңалықтар

Аtr.kz/17 сәуір, 2020 жыл. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы карантиндегі Рамазан туралы онлайн брифинг өткізді.


«Қазіргі таңда өкінішке орай, мешіттеріміз жабық. Сондықтан, пітір садақа үшін мешіт қақпаларының сыртына жәшіктер орнатылады. Сонымен бірге, әмбебап маркеттерге арнайы жәшіктер қойылады. Жәшіктерде мешіт туралы барлық ақпараттар жазылады.

1 1 1


Қазіргі заманның мүмкіндігін пайдала отырып, мүфтият kaspi. кz қосымшасы арқылы, халықтың пітір садақасын өтеу мүміндігін де қарастырып жатыр. Қосымшадағы шот туралы ақпарат алдағы уақытта арнайы жарияланатын болады» деп нақтылады Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

1 14
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз