1 12

Атырауда бір адам екінші рет коронавирусқа шалдықты

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Аtr.kz/17 сәуір, 2020 жыл. Коронавирусқа қайта шалдыққан атыраулықпен байланыста болған 27 адам анықталды.


«Covid-19 инфекциясына шалдыққан 25 жастағы атыраулық ер адам бұған дейін уақытша қамау изоляторында жатқан» деп хабарлайды Атырау облысындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Шұғыл штабы.


Штабтың хабарлауынша, науқас 16 сәуірде инфекционды стационарға ЖРВИ белгілерімен жеткізілген. Қазіргі уақытқа дейін ол Атырау қалалық полиция басқармасына қарасты уақытша қамау изоляторында болған.


Бүгінгі таңда науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған 7 адам және байланыста болуы мүмкін 20 адам анықталды. Олардың барлығы ПЦР тест сынамаларын тапсырды. Нәтижелері жақын арада белгілі болады» деп нақтылады Штаб.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған