АТЫРАУДА МЕКТЕП ТҰСЫНАН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ

screenshot 20220118 173123 Жаңалықтар

Атырау облыстық полиция департаменті осындай хабарлама жасады.

«17 қаңтар күні сағат 10:00-де Сұлтан Бейбарыс даңғылында орналасқан №38  мектеп тұсында Kia Rio  автокөлігі екінші дәрежелі жолдан шығып, басты жолда келе жатқан Газель автокөлігіне апаттық жағдай жасады. Соның салдарынан Газель жол жиегіне аударылған. Аталған дерек бойынша iс-құжаттар жинақталуда.

Атырау қаласының полиция басқармасы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілерден жол қауіпсіздігін қадағалап, ауа-райының қолайсыздығын ескеруді сұрайды.

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз