Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«Рақымды пайғамбар» – Атырауда Мәуліт кеші өтті (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жастар» мәдениет үйінде рухани кеш өтті. Аталмыш басқарманың Атыраудағы өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров жиналғандарды құттықтады.

29fae423e04fa96d20dcc5724f6d4e5c_XL

«Аллаға шүкір, Тәуелсіздігіміздің арқасында халқымыз асыл дінімізбен, ділімізбен қайта қауышты. Бір кездері ата-бабаларымыз дінімізді ашық ұстануды аңсап өткен еді. Қазір міне, егемендікпен бірге, еліміздің түкпір-түкпірінде мешіттер бой көтеріп, азан айтылуда. Мәуліт айы республика деңгейінде атап өтілуде. Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) мадақтау, өмір деректерін насихаттау – үлкен нығмет. Алла Елшісі (с.ғ.с.) шынайы мұсылманның символы еді. Сондықтан, қазіргі таңда мұсылмандар арасында кемшіндеу түсіп жатқан кешірімділік, рақымшылық қасиеттерді нығайта білуіміз керек» деді ол.

9151 (6)

Сондай-ақ, жоғарыда аталған басқарманың басшысы Қайролла Көшқалиев арнайы қатысып, жиналған жамағатқа жылы лебізін жеткізді. Мұнан соң Алла Елшісіне (с.ғ.с.) сағынышты арттыратын мәуліт-шәриф оқылып, қалың жұртпен бірге пайғамбар рухына салауаттар айтылды. Саналарға әсерлі ой қалдыратын, өмірдің өзінен ғибрат беретін, Пайғамбар (с.ғ.с.) дәуірін еске салатын бірнеше сахналық көріністер кештің әрін аша түсті. Шараның жоғары деңгейде өтуіне танымал әншілер Сержанәлі Әлібек пен Айдар Тұрғанбек атсалысып, жүректерге иман нұрын құйды.

9151 (5)

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысының өкілдігі жас шәкірттер арасында білім бәйгесін жариялаған еді. Аталған білім сайысына қырыққа жуық шәкірт қатысып, оқ бойы озық шыққандар болды. Бас имам Батыржан қажы Берденұлы оларды салтанатты жағдайда марапаттап, жүлделерін табыстады. Бәйгенің ең басты сыйлығы – Умра, яғни кіші қажылыққа жолдаманы Берік Мадияров қанжығасына байлады. Ал, бірінші орынды иеленген Серболат Байжановқа 100 мың теңге тапсырылса, екінші және үшінші орындарды өзара бөліскен Әділжан Қаламғалиев пен Шахзод Досановқа 70 мың және 50 мың теңгенің сертификаты берілді.

9151 (7)

Орталық «Иманғали» мешітінің халыққа рухани қызмет етіп, жұмысын жалғап келе жатқанына биыл – 18 жыл. Осынау уақыт ішінде мешітте табан аудармастан еңбек етіп келе жатқан Дәметкен Дюсупаева мен тазалықшы Әсем Макуловаға Умра қажылығына жолдама берілді.

Облыстық «Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button