Қытайдан қайтарылған студенттер коронавирус жұқтырған ба?
Atr.kz/4 ақпан, 2020 жыл. Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жуырда елге қайтарылған студенттер мамандармен тексерілгендігін айтты.
«Барлығы 89 адам көшірілді. Оның 83-і – Қазақстан азаматтары, 5-і Белорусь, 1-і Армения және 18-і Қырғызстаннан. Бәрінен сынама алынған, жағдайы қанағаттанарлық, температурасы бірқалыпты. Барлығында коронавирустың жоқтығы расталды. Соған қарамастан олар 14 күн мерзімге карантинге қалуы тиіс», — деп хабарлады ол.
Еске сала кетейік, 2 ақпанда қазақстандықтардың денсаулығының қауіпсіздігін қамту мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Шұғыл медициналық үйлестіру ұлттық орталығы 83 қазақстандықты отанына оралтса, соның 80-і – ҚХР-ның Ухань қаласындағы студенттер. Олар қаладан 7 км қашықтықтағы астаналық көпсалалы аурухана жанынан арнайы бөлінген инфекцяға қарсы күрес корпусына орналастырылды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ