Атырауда бір аптада 9 баланы ит қауып алды

90660296 2 Жаңалықтар

Atr.kz/26 қазан, 2020 жыл. Атырауда бір аптада 9 баланы ит қапты.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 15-22 қазанда 9 баланы ит қауып, дене жарақатын алғаны анықталған.

«Талдау көрсеткендей, балалардың бесеуін бұралқы иттер, үшеуін көршісінің, ал біреуін өз ауласындағы иті қапқан. Тоғыз баланың бәрі де алғашқы медициналық көмекке жүгінді. Дәрігерлер ит қапқан балалардың жарақатын жеңіл дәрежеде деп қорытынды жасады. Тіркелген оқиғалардың тек біреуіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 408-бабымен хаттама толтырылып, ит иесіне 13890 теңге көлемінде айыппұл салынды. Қалған 8 дерек бойынша жәбірленушілер тарапынан арыз-шағым түскен жоқ» деді департаменттің баспасөз қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз