Жарнама
Жаңалықтар

Құрманғазыда жаңа балық өңдеу цехының құрылысы басталды 

«Каспий Балық» өндірістік кооперативі Бірлік ауылындағы «Қызыл-оба» жерінен жаңадан балық өндеу цехын салуды қолға алды. Цех құрылысы Ресей елінің Нижний-Новгород қаласындағы «Атлантик-лайн» ашық акционерлік қоғамының көмегімен жүзеге асырылуда. Бұл туралы облыстық Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Цехтың құрылысы заманауи инженерлік жоба бойынша қарастырылған. Яғни жары сэндвич-панельден, керамзит тастан, төбе шатыры металлопрофильден, металокаркас материалдарынан құрастырылған. Бүгінде 30 қызметкер мен 3 техника жұмыс істеуде. Цехтың жер көлемі 1220 гектар. 

— Балық өндеу цехында 4 мұздатқыш, салқындатқыш құрылғысы арқылы тәулігіне 30 тонна балық қабылдап, өнделеді. Өңдеу технология жұмысы – сұрыптау, аралау, жуу, тазарту және салқындату, мұздату, тұздаудан тұрады. Салынатын инвестиция көлемі 500 млн теңгені құрайды. Жоба қуаты жылына 1500 тонна балық өнімдерін өндей алады. Цехта 104 тұрақты, 50 адам уақытша жұмыс жасайды,- деді А.Сәдібекұлы. 

Айта кетейік, инженерлік жоба бойынша балық өңдеу цехының жұмысы осы жылдың соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button