Құрманғазыда «Үздік оқырман – 2023» бенефисі өтті

66666 Жаңалықтар

Құрманғазы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, әдістемелік бөлімнің жоспарына сәйкес 2023 жыл қорытындысы бойынша ең үздік оқырманды анықтау мақсатында «Үздік оқырман-2023» оқырмандар бенефисі өтті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Шараның мақсаты оқырмандар арасында көркем әдебиет оқуды әдетке айналдырған оқырмандарды анықтап, оларды көпшілік алдында насихаттау және әрі қарай да кітап оқуына қолдау жасау. Шараға жыл бойы көп кітап оқып, қалың оқырман формулярына ие болған Еңбекші, Нұржау, Қошалақ, Болашақ (РТС), Ақкөл ауылдық кітапханаларының үздік оқырмандары қатысып, оқыған кітаптарынан шолу жасады.

444444444

Жалпы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қорында бүгінде 330939 кітап болса, оқырман саны-20092, қатыс-243603-ні құрап отыр. Кітапхана білім алып қана қоймай, шығармашылық пен шабытты ұштастырып, бірегей жобаларды жүзеге асыратын кешен ретінде барша кітапқұмар қауымның сүйікті мекеніне айналды.

Шара шымылдығын аудандық мәдениет үйінің өнерпазы Аманжан Халықов «Із қалдыр» әнімен ашты. Көпке үлгі болған оқырмандар кезекпен өздерінің оқыған көркем шығармалары туралы баяндап, шығармадан өздеріне алған әсерлерімен бөлісті.

Шараны аудандық ОКЖ директорының орынбасары Хамзина Гүлден Айдарбекқызы қорытындылап, қатысушыларға марапат ұсынды. Оқырмандар бенефисіне белгілі себеппен қатыса алмаған Шортанбай ауылдық кітапханасының оқырманы Сатыбалдиев Сайлау «Тұрақты оқырман» номинациясына, Асан ауылдық кітапханасының оқырманы Есенғалиев Бекжан Бақтыгерейұлы «Белсенді оқырман» номинациясына ие болды.

22222

Сонымен қатар РТС ауылдық «Болашақ» кітапханасының Сатхан Нұрайна Нұрлыбекқызына «Жас оқырман», Қошалақ ауылдық кітапханасының оқырманы Әзімжанова Гүлсараға «Талғампаз оқырман», Еңбекші ауылдық кітапханасының оқырманы Шаяхметов Мұхар Қабиболлаұлына «Талапты оқырман» номинациялары табысталды.

Ал Ақкөл ауылдық кітапханасының оқырмандары Бүркітбаевтар әулеті «Үздік оқырман отбасы» атағын, Нұржау ауылдық кітапханасының оқырманы, жыл бойы 81 кітаптың бетін парақтаған Самыхов Сәрсенбай «Үздік оқырман-2023» атағын жеңіп алды. Жүлдегерлер мен жеңімпаздар арнайы сыйлыққа ие болды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз