Атырауда «INFINITY KOKTEM FEST» басталды

screenshot 20220319 204711 Жаңалықтар

Жыл басы – Наурыз мерекесі «INFINITY PLAZA» эко-саябағы маңында кең көлемде тойлануда.

Алаңдағы ақшаңқан киіз үйде салт-дәстүр жаңғыртылып, қолөнер шеберлерінің көрмелері ұйымдастырылды. Ұлттық ойындардан сайысып, жергілікті өнерпаздар сахналық қойылым арқылы жаңа жылдың басталғанын айшықтайтын көріністер көрсетті. Тұрғындар жетi түрлi дәмнен жасалған наурыз көжеден дәм татты. Төс қағыстырып, амандық сұрасты.

Жиылған жұртшылықты Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат Емберген мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. 

– Ырыс пен берекенің, ризық пен несібенің бастауындай болған Әз Наурыз құтты болсын! Бүгінде ұлық мереке көп ұлтты халқымыздың сүйікті мейрамына айналып, бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың нығаюының негізі болды. Өткен жылға өкпе жоқ, келер күннен үміт көп,- деген Самат Жұмабайұлы әрбір шаңыраққа береке мен молшылық тіледі.

Айта кетейік, Наурыз мейрамына арналған мәдени-бұқаралық шара үш күнге созылады. Қонақтарды концерттік бағдарлама, қолданбалы өнер бойынша мастер-кластар, сән әлемінің жаңалықтары мен жәрмеңке күтеді.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз