Атыраулық журналистің «жедел жәрдемдегі» жарты күні қалай өтті? (+ФОТО)

screenshot 20200415 095624 Жаңалықтар

Аtr.kz/15 сәуір, 2020 жыл. Қауіпті індетке қарсы күресте ақ халаттылардың еңбегі өлшеусіз. Соның ішінде науқаспен ең бірінші қарымқатынаста болатын жедел жәрдемшілердің қызметі орасан. Бүгінгінің батырлары саналғандардың негізгі ортасы – облыстық жедел жәрдем стансасында болып, арнаулы бригадалардың мүшелерінің жұмысымен танысқан едік.

ҚАУІПТІ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС

Облыстық жедел жәрдем стансасында коронавирус инфекциясына қатысты арнаулы үш бригада жұмыс жасауда. Олардың құрамында үш дәрігер, 24 фельдшер, 12 жүргізуші бар. Бір қорқыныштысы, ақ халаттылар науқаспен қарым-қатынаста болғандардан бөлек, талдама нәтижелері оң көрсеткішті көрсетіп, вирус расталған азаматтар үшін шақыртылған қоңырауларға да барады.

–Үш бригада үлкен автокөлікпен қамтамасыз етілді. Себебі, бригада мүшелері мен науқастың арасында барынша ара-қашықтық сақталуы тиіс. Сондай-ақ, олардың барлығы қажетті медициналық киіммен, маска, қолғаптармен, қ о р ғ а н ы ш қ ұ р а л д а р ы м е н қамтамасыз етілді. Арнайы костюмд е р б і р р е т қолданылған соң жойылады. Әрбір шақырту сайын жаңасы беріледі. Бригад а л а р теплов и з о р құрылғысымен толық қамтылды, – деді станса директоры Ербол Иманғалиев.

Расымен де, төтенше жағдай кезіндегі сала мамандарының еңбегі ерен. Пандемияның пайда болуы олардың өміріне өзгеріс енгізіпті. Жұмыстары әдеттегіден бірнеше еселеніп, тәулік бойы қызмет етуде. Бірнеше сағат бойы қорғаныс костюмі мен арнайы көзілдірік киіп жүруге мәжбүр. Дәл осындай қызметтеріне адал жедел жәрдемшілердің ешқайсысы осыған дейін шағым айтпай, күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Барлық қиындық пен олардың еңбектері ескеріліп, Президент тапсырмасына сәйкес, оларға кеше ғана үстемеақы берілді.

…«103» пультіне сағат 14:50-де коронавирусқа қатысты қоңырау түсті. Бос бригадаға шұғыл хабар берілді. Фельдшерлер Нұржан Шайхимов пен Альбина Қарағұлова және жүргізуші Қайрат Алмағанбетов дабыл түскен бойда арнаулы киімдерін киюге ұмтылды.

«Жедел жәрдем стансасында екі жылдан бері қызмет етемін. Аталған қауіпті індет пайда болғалы осы бригадаға ауыстым. Бүгінгі жағдайда қызмет ету, әрине қауіпті. Соған қарамастан жүктелген міндетінен ешкім бас тартқан жоқ. Бұл жерде медициналық қорғаныш құралдарымен қанша жабдықталсақ та, вирусты жұқтырып алмауға ешкім кепілдік бермейді. Десек те, қорқыныш, үреймен бой тасалауға да болмайды. Гиппократ антына қашан да адалдық қажет. Осы орайда өзімізге жүктелген міндетті абыройлы атқаруға ұмтылудамыз.

Науқасты немесе олармен қарымқатынаста болғандарды провизорлық, карантиндік орынға және ауруханаға жеткізген соң бригадаға толық дезинфекция жүргізіледі. Ең алдымен киімдеріміз ауыстырылып, көлік іші мен қажетті құрал-жабдықтардың барлығы толық залалсыздандырылады. Облыстық стансаға жеткен соң бұл жұмыстарды санитарлық қызметкерлер тағы да қайталап жүргізеді. Біз антисептикалық құралдарды пайдаланып, беті-қолды жуып, душқа түсеміз. Содан кейін ғана жұмыс үстеліне отырып, атқарған істің есебін береміз» деді Нұржан Шайхимов.

ҚОЛЫ БОСАҒАНДА МАСКА ТІГЕДІ

Науқаспен бетпе-бет келу үшін адамға үлкен жүрек қажет. Бойды билеген үрейді жеңу де маңызды. Осынау қасиетті бойға жинап, әр шақыртуға басқан қадамдарын өзінің күнделікті жұмысы ретінде қабылдайтын жедел жәрдемшілердің ерен еңбегі ерекше атап айтарлық. Олар шақыртудан босаған соң стансада қол қусырып, қарап отырмайды. Бүгінде әр адамға медициналық бетперде керек. Осы орайда бізді олардың қолдары босай қалса, бір және көп реттік қолданатын бетперде тігу жұмыстарымен айналысатыны сүйсінтті. 24 жылдық тәжірибесі бар №16 арнаулы бригаданың маманы Салтанат Нұрқасымовамен оның маска тігіп жатқан сәтінде жолықтық.

– Үйден іс тігетін машинамызды әкеліп қойдық. Медициналық арнайы дәкені бірнеше қабаттап және демеушілер жеткізіп берген маталардан бетперде тігеміз. Бұлар стансадағы барлық қызметкерлерге ү л е с т і р і л у д е . Бізде медициналық бұйымдар жеткілікті. Бірақ, қазіргі жағдайда ешқайсысы артық етпейді. Сондықтан, қолынан іс келетіндер өз еріктерімен бұл жұмысқа белсене атсалысуда, – деді ол.

А т а л ғ а н б р и г а д а н ы ң ақжелеңділері Асылбек Шамов пен Қайрат Базарқұлов та шақырту түскенге дейін маска тігу жұмыстарына қолдау көрсетуде. Ал, жедел жәрдемшілердің осынау қызметін бағалап, оларды тегін ыстық тамақпен, маскамен қамтуда ерікті қолдау көрсетушілер де көп-ақ. Репортаж барысында «Сұлтан Бейбарыс» мешіті қызметкерлерінің осынау игі ісіне куә болдық. Сонымен қатар, кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындардың көрсетіп жатқан демеушілік көмектері аз емес. Станса директорының орынбасары Наргиз Баймолдаева қазіргі сын сағатта медицина мамандарына да, тұрғындарға да өз жауапкершілігін терең түсіну аса маңызды екенін айтты.

– Пандемия басталғалы өз өмірлерін қауіпке тігіп, науқаспен бетпе-бет келген жедел жәрдемшілер отбасын қорғау үшін кәсіпкерлердің қолдауымен бөлінген қонақ үйлерде оқшауланғанын да айта кеткен жөн. Қазіргі уақытта отыз жеделжәрдемші отбасына оралмастан қызметке белгіленген қонақ үйден қатынауда. Ал, ауруханаға жеткізілген науқастарды емдеуде күні-түні көз ілмей, оның ауыртпалығына шыдап жүрген дәрігерлер қаншама?! Бұл – кім-кімге де оңай емес. Сондықтан, дертті әрі қарай ушықтырмау маңызды, – деді Наргиз Баймолдаева.

Адам өміріндегі басты құндылық – денсаулық. Ал, оның күзетінде жүрген сала қызметкерлерінің жауапкершілігі бұрынғыдан әлдеқайда артты. Ауыр жұмыс, күйзеліс, отбасымен қауыша алмау – мұның бәрі оңай сынақ емес. Олай болса, дертті ауыздықтаудың бір жолы – үйде болу. Егер вирустың белгілері байқалса, медициналық мекемеге бармау қажет. Бұл жағдайда дерттің одан әрі таралуы ықтимал. Сондықтан, ең алдымен «103»-ке хабарласып, тиісті шараларын алу қажет.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Суреттерді түсірген автор.

screenshot 20200415 095606
screenshot 20200415 095634
screenshot 20200415 095615

«103» пультіне қызу, жөтел, жедел респираторлық вирустық инфекциясына қатысты күніне 800-ге жуық қоңырау түседі. Диспетчерлік бөлімдегі кеңесші дәрігер бірқатарына көрсеткіштеріне сай кеңестер беруде. Төтенше жағдайға байланысты апаттар мен жарақаттарға қатысты қоңыраулар бірнеше есе азайған.

Атырау қаласында жедел жәрдемде СOVID-19-ға қатысты арнаулы үш бригада қызмет етуде. Індет жұқтырғандардың көбеюіне байланысты тағы екі бригада қосу жоспарланды.

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-sheteldik-kompani%d1%8f-mektep-oqushylaryna-1200-komp%d1%8c%d1%8eter-syjlajdy-foto/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз