Атырауда блок-бекеттер дронмен бақыланады

ennknk COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/15 сәуір, 2020 жыл. Қала көшелеріндегі карантиннің сақталуын атыраулық полицейлер тәулік бойы қадағалауда.

Оған жедел топтар мен жаяу нарядтар жұмылдырылған. Каран­тинге байланысты облыс орталығына кіру және шығу деректерін болдырмау мақсатында Алмалы және Бесікті, Қара өзек және Қарабатан бөгет бекеттері маңайындағы қара және айналма жолдарды па­трульдеу бойынша арнайы мобильді топтар құрылды. Сондай-ақ, дрон көмегімен де іргелес аумақтарға бақылаулар жүргізілуде.

Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына бай­ланысты 6 сәуірден бастап қалада бірқатар шектеулер енгізілді. Қала тұрғындарына сағат 21.00-ден таңғы 06-ге дейі н к ө ш е г е ш ы ғ у ғ атыйым салынған еді. Алайда, төтенше жағдай талаптарын сақтамайтындар аз болмай отыр. Айталық, түнде көшеге ешбір себепсіз шыққаны үшін екі түнде полицияға 70- ке жуық азамат жеткізілді. Оларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойын­ша әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, материалдар сотқа жолданды.

Жалпы, төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап облыста төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 180 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 67-і қамауға алынды.Мас күйінде патрульге бағынбаған 9 адамға қатысты хаттама­лар толтырылды. Осы уақыт ішінде блок-бекеттерді айна­лып өтпекші болған 21 әрекет тоқтатылды, оның ішінде 13-і жеке автокөліктерімен ай­налма жолдарда анықталды. Осы мерзім ішінде облыс полицейлері 3 000-нан астам атыраулыққа түсіндірме жүргізген.

О б л ы с т ы қ п о л и ц и я департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, блок-бекет тұрақты түрде дрон арқылы да бақыланады. Десек те, күні бүгінге дейін заманауи құрылғы арқылы анықталған бірде- бір заңбұзушылық дерегі тіркелмеген.

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз